Ұйымдар тізімі
📚 Сыныптан тыс іс-шара: «Менің Отаным – Қазақстан»
🔹 Мақсаты:
Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, елге құрметін арттыру, тарихи және танымдық білімдерін тереңдету жан-жақты болу сонымен қатар ұлттық құндылыққа баулу.
🔹 Өткізу түрі: Танымдық ойын-сайыс
✨ Іс-шара психологиялық ахуал туғызумен басталды.
💡 Оқушылар ЖИ (жасанды интеллект) көмегімен Сұңқар және Қыран топтарына бөлінді.
🎮 Кейбір кезеңдерде Wordwall әдісі интерактивті тапсырма құралы ретінде қолданылды. Оқушылар экраннан тапсырмаларды орындап, жауаптарын белсенді түрде берді.
🔸 Кезеңдер:
1. Менің Қазақстаным
2. Сілтемені бас та, ойынға кір
3. Абайға – 180 жыл
4. Ғылым шыңына
5. Мақал-мәтелдер
6. Ойлан тап!
🏆 Нәтиже:
Сұңқар тобы жеңіске жетіп, мадақтама мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.
🔚 Қорытынды:
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, шығармашылық және топпен жұмыс істеу қабілеттері дамыды.
Жауапты:Хуатхан Е.



«Квест-ойын»