2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Самарка ауылының негізгі орта мектебі» КММ.
Заңды мекенжайы: Атбасар ауданы, Самарка ауылы, Мектеп көшесі, 14.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Самарка ауылының негізгі орта мектебі» КММ 5 қызмет көрсетті:
• Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – 4
• Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау – 1
• Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау – 0
• Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – 0
• Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 0
• Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 0
• Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету – 0
• Білім туралы құжаттар бойынша мәліметтерді өзектендіру (түзету) – 0
• Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу – 0
• Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау – 0
• Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау – 0
Халықты ақпараттандыру мақсатында мектептің http://sc0024-atbasar.edu.kz/ ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары орналастырылған.
Сонымен қатар, білім беру ұйымында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халыққа қолжетімді әрі түсінікті болу үшін ақпараттық стендтер мен баннерлер (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған.
Мемлекеттік ұйымның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда қызмет көрсету қағидалары, стандарттар, шағымдану тәртібі және байланыс ақпараты жарияланған.
Мектепте мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бойынша ақпараттық стенд рәсімделген. Қызмет көрсету үдерісінің сапасы мен қолжетімділігіне күн сайын мониторинг жүргізіледі.
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оған қол жеткізу орындары туралы мәліметтер:
Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат мектептің http://sc0024-atbasar.edu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату бойынша алдағы перспективалар
2026 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Самарка ауылының негізгі орта мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.
Мектеп директоры: А. Карпиков