2025 жылғы 2 маусымда Самарка орта мектебінде «Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі»тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Ақпараттық сағаттың есебі
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – елдің негізі».
Мақсаты:
Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Елтаңба, Ту және Әнұран туралы білімдерін кеңейту.
Ақпараттық сағат барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен, мән-маңызымен танысты. Елтаңба, Ту және Әнұранның шығу тегі, мазмұны және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі жайлы ақпарат берілді.
Оқушылар викторинаға қатысып, рәміздердің маңызы туралы бейнеролик көріп, өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге, құқықтық және тарихи сауаттылықты арттыруға ықпал етті.