10.11.2025
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің ашылуы
10 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Шара мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, ерекше рух пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында оқушылар арасында бес кезеңнен тұратын қызықты ойындар өткізілді:
1. «Мықты болсаң, тауып көр!»
2. «Лабиринт»
3. «Домалап тап»
4. «Ойлан, тап!»
5. «Мақал сыры»
Әр кезең оқушылардың білімін, тапқырлығын және тіл байлығын арттыруға бағытталды.
Шара соңында бастауыш сыныптың кішкентай бүлдіршіндері тамаша ән орындап, онкүндіктің ашылуына ерекше сән мен қуаныш сыйлады.
Жауапты: Хуатхан Еркежан